«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Приишимка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Приишимка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Приишимка ауылының бастауыш мектебі» КММ Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Приишимка ауылы, Бейбітшілік көшесі 45

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Приишимка ауылының БМ» КММ білім беру саласында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

- 2025 жылы «Приишимка ауылының БМ» КММ 4 қызмет көрсетті:

- электрондық үкімет порталы арқылы - 1 мемлекеттік қызмет;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0 мемлекеттік қызмет;

- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 3 қызмет.

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 0 мемлекеттік қызмет.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».;

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурстаhttp://sc0027.astrahanka.aqmoedu.kz/.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді

. 2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

«Приишимка ауылының БМ » КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен және қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2025 жылы «Приишимка ауылының БМ» КММ ресми интернет-беттерінде 8 жарияланым жариялады, 3 тікелей эфир өткізді.

Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ БМ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылған:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту; - қызметкерлердің біліктілігін арттыру.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст